Руководство ССРК И ЦА
Вернуться назад

Алматинская обл.

Вице-президент

Кереев Қайрат Нұрғабылұлы

Кереев Қайрат Нұрғабылұлы 1964 жылы 20 маусымда Алматы облысы Кербұлақ ауданы Сәмен ауылында дүниеге келген. 1971-1981 жылдары Жоламан орта мектебінде оқыды. Мектеп бітіргеннен кейін 1981-1986 жылдар аралығында Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы зауыт – ЖТОО (жоғары техникалық оқу орны) «Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс» факультетінде «инженер-құрылысшы» мамандығы бойынша білім алған.

Еңбек жолын 1986 жылы жылы Кербұлақ ауданы Басши совхозында «мастер» ретінде бастаған. Сол кездегі жас маман, табанды еңбек етіп, өзінің білімі мен біліктілігінің арқасында 1988 жылы Ш.Уалиханов атындағы колхозда аға прораб қызметіне тағайындалады. 1991 жылға дейін осы қызметте еңбек етіп, құрылыс нысандарын салуда өз үлесін қосты. 1991- 1992 жылдары Сарыөзек ПМК бас инженері ретінде жұмысын жалғастырды.

1992 жылы совхоздар тарқай бастаған кезде халық жұмыссыз қалып жатты, сол қиын кездерде халықты жұмыспен қамту, жалақы тауып беру өткір мәселелердің бірі болды.

Сол себепті, 1992 жылдан бастап жеке кәсіпкерлікке бет бұрды. Аласапыран заманда қиыннан қисынын тауып, аудан көлемінде алғашқы кәсіпкерлердің бірі болып «Сәулет» жеке кіші өнеркәсібін ашты. Сол кездерде мемлекетіміз жас мемлекет, кәсіпкерлік жаңадан кіре бастаған, бүгінгі күндегідей кәсіпкерлікке оқыту, жеңілдетілген несие беру деген жоқ болатын. Сол жылдары тоқырауға ұшырап, тоқтап қалған «облпортебсоюз» нан зауытын қайта жандандырды. Нан зауытын іске қосып, ауыл халқын жұмыспен қаматамасыз етті. Осы жылдары нанмен Жоламан ауылы, Сарыөзек кенті, Шеңгелді, Сарыбұлақ ауыл тұрғындары нанмен камтамасыз етіліп отырды. Шығарылған өнімді 50 шақырым қашықтықта орналасқан Сарыөзек ауылындағы әскери дивизия және Заречный ауылында орналасқан ЛА 155/8 және ЛА 155/14 колонияларын, Шеңгелді әскери полкын, әскери қалашықты күнделікті нанмен қаматамасыз етілді.

1994 жылдан жоғарыда айтылған шаруаларға байланысты Жоламан ауылында диірмен салып, іске қосты. Шығарылатын өнім түрлерін көбейту мақсатында кондитерлік цех, макарон цехын ашты. Нан өнімдерінің сол кезде 14-15 түрін шығарумен айналысты. Диірмен, нан пісіру, макарон және кондитер өнімдерін шығару өте ауыр кәсіп болғанымен, берекесі мол әрі пайдалы кәсіп болды. Осы жолда кәсібін ары қарай дамыту мақсатында ауылшаруашылығымен айналыса бастады. Жаңа кәсіп бастау, жалпы құрылысшыдан ауылшаруашылық маманына ауысу оңай болған жоқ. Жоламан совхозынан жер үлестерін алып, өз бидайымен нан өнімдерін жасауды қолға алды. Негізгі бағыт ұннан өнім өндіру болған. 1994 жылдан бастап «Кереев және К» сенім серіктестігі құрылды. Сол жылдары 1000 гектарға дейін күздік бидай себілетін және бақша өнімдері - жуа, сәбіз, қауын-қарбыз өсірумен айналысқан. 

Егін және мал шаруашылығын қатар дамытып өз еңбегінің жемісін көрді. Бүгінгі күнге дейін осы шаруашылықтың жұмысы тоқтамай, інісі Кереев Асхат Нұргабылұлы жалғастыруда 1995 жылдары Қорғаныс министрлігі және Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық атқару жүйесі комитеті нысандары өз нанын шығаруды тоқтатуларына тура келді. Себебі, нанның өзіндік құны өте қатты жоғарылап, нан шығару тиімсіз болып қалды. Бұл екі мекеме жариялаған конкурстарына қатысып, басқа да нан өндіретін кәсіпкерлердің ішіен іріктеліп, барлық қойылған талаптарға сәйкес болып, жеңімпаз атанды. Осыдан бастап 5 жыл қатарынан аталған мекемелерді нанмен қамтамасыз етті. Жоламаннан Заречныйға дейін бір жағы 120 шақырым, күніне 2000-2500 бөлке нан тасымалданатын, ол әрине оңай жұмыс болған жоқ. 2006 жылы «Нұр-Шапағат-Құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін құрды. Алғаш құрылған жылдары жаңадан ашылған серіктестік балансында материалдық-техникалық базасы, өзінің жеке мүлкі болмаған. Жылдан жылға өзінің даму қарқынын арттырып, бүгінгі таңда өз кеңсе ғимараты мен өндірістік базасы салынып, жұмысқа қажет барлық заманауи техникалары мен құралдарымен жабдықталған. «Нұр-Шапағат-Құрылыс» ЖШС құрылыс саласы бойынша бірінші санатты лицензиясын алып, құрылыс-монтаж жұмыстарының барлық түрлерін жүзеге асыра алады. 

Сонымен қатар, серіктестік қатарында білікті мамандардан құралған жұмысшылар қызмет етуде. Кадр тапшылығын толтыру үшін жас мамандарды дайындауға да үлкен көңіл бөлінеді. 2020 жылы «Жұмыспен қамту 2020» жол каратасы бойынша құрылыс нысандарында 1000 жуық адам жұмыс жасады. «Нұр-Шапағат-Құрылыс» ЖШС жұмыс ауқымы көбейген сайын мемлекетке төленетін салық мөлшерін де көбейтіп, еліміздің жаңғыруына өз үлесін қосып келе жатыр. 

Соңғы үш жылда төленген салық ауқымы 210 000 000 теңгеден асса, 2020 жылы төленген салық сомасы 460 000 000 теңгеден асты. «Нұр-Шапағат-Құрылыс» ЖШС құрылған күннен бастап Алматы облысы көлемінде көптеген білім беру және денсаулық сақтау нысандары, спорт кешендері салынды. Сонымен қатар мектептер, балабақшалар, емханалар, мәдениет үйлерінде күрделі жөндеу жұмыстарын, абаттандыру, көгалдандыру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар құрылыс саласында еңбегі нәтижесінде әр-түрлі деңгейдегі марапаттарға ие болды: 

2008-жылы Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Қ.Мәсімовтің Қытай Халық Республикасына ресми сапары аясында Халықаралық қазақстан-қытай бизнес -форумының жұмысына жемісті және өнімді атсалысқаны үшін Дипломмен марапатталды: - «Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі және Атамекен Одағы» Қазақстан Ұлттық экономикалық палатасы 

2009 жылы Қоғамдық өмірге белсенді қатысқаны үшін, кәсіпкерлікті дамытуға және бизнес пен қоғамды шоғырландыруға қосқан үлесі үшін - Құрмет грамотасымен марапатталды: - Қазақстанның ұлттық экономикалық палатасы, « Союз»Атамекен» 

2011 жылы Өндірісті дамытуда жоғары көрсеткіштерге қол жеткізгені үшін және Құрылысшылар күні мерекесіне орай Құрмет грамотасымен марапатталды: - «Қазақстан құрылысшылар Ассоциациясы Республикалық заңды тұлғалардың бірлестігі» Өндірісті дамытуда жоғары көрсеткіштерге қол жеткізгені үшін және Құрылысшылар күні мерекесіне орай Құрмет грамотасымен марапатталды: - «Ассоциация строителей Казахстана». 2013 жылы Қазақстан Республикасындағы ұлттық бизнес-рейтингті ұйымдастыру комитетінің шешімі бойынша кәсіпорын рейтинг негізінде « Қазақстан экономикасы - Даңқ Жұлдызы» Орденімен марапатталды.«Қазақстан көшбасшысы»: - Ұлттық бизнес-рейтингтер Одағы; 

2014 жылы Халықаралық бизнес бағдарламасына белсенді түрде қатысып, сәтті аяқтағаны үшін сертификат берілді: (Дубай : Абу -Даби қаласы); Қазақстан Республикасындағы ұлттық бизнес-рейтингті ұйымдастыру комитетінің шешімі бойынша кәсіпорын рейтинг негізінде Қазақстан экономикасы «Даңқы Жұлдызы» Орденімен марапатталды. «Сала көшбасшысы»: - Ұлттық бизнес-рейтингтер Одағы; «Қазақстанның қүрметті құрылысшысы» атағы Кербұлақ ауданынынң құрметті азаматы атағы 

2015 жылы «Жекпе-жек» ұлттық спорт федерациясы елімізде ұлттық спортты өркендетуде , жастарға патриоттық тәрбие беруде сіңірген ерекше еңбегі үшін Алғыс хатпен марапатталды. «Құрылыс индустриясының көшбасшысы» : - Ұлттық сертификатымен марапатталды: –« Қазақстан Республикасының Ұлттық бизнес-рейтингіні ұйымдастыру комитеті». 

2016-жылы Құрылыс саласына белсене атсалысып, тұрғын үй және әлеуметтік бағыттағы нысандарды салуда, қайта қалпына келтіруде, күрделі жөндеу жүргізуде жоғары біліктілікпен іскерлік көрсеткені үшін «Лидер Евразийского Союза» Дипломмен марапатталды: «Өнеркәсіп көшбасшысы» » : - Ұлттық сертификатымен марапатталды: «Ұлттық бизнес рейтингтерінің одағы». 

2017-жылы Кәсіптік мереке-құрылысшы күніне орай еліміздің игілігі жолындағы табысты еңбегі үшін және құрылыс саласын дамытуға қосқан үлесі үшін Алғыс хаты берілді: - «Алматы облысы құрылыс басқармасы» 

2020 жылы Құрылыс саласына белсене атсалысып, тұрғын үй және әлеуметтік бағыттағы нысандарды салуда, қайта қалпына келтіруде, күрделі жөндеу жүргізуде жоғары біліктілікпен іскерлік көрсетіп, өз саласындағы қажырлы еңбегі үшін:- Алматы облысы әкімінің Алғыс хатпен марапатталды.